Әлем

Түркіменстан президенті мыңнан астам сотталушыға рақымшылық жасады

Түрікменістан тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай елдің Президенті Сердар Бердімұхамедов, 1180 сотталушыға рақымшылық жасады, деп жазады Turanews.kz.

Түркіменстан басшысы тиісті Жарлыққа мемлекеттік қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің қатысуымен Министрлер Кабинетінің кеңейтілген отырысында қол қойды.

Бердімұхаммедов құқық қорғау органдарының басшыларына рақымшылық жасалғандарды түрмеден босатып, жақын арада өз отбасыларының қатарында болуы үшін қажетті жұмыс жүргізуді тапсырды.

Велаяттар, этраптар мен қалалардың хякимдеріне кешірім жасағандарды жұмысқа орналастыру үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Түркіменстанда Тәуелсіздік күні 27 қыркүйекте тойланады.

TuraNews

Back to top button