Саясат

Түркіменстан мен ЕО экологиялық таза көлік дәліздерін құруды көздеуде

Түрікменстанның қолайлы географиялық орналасуы Азия мен Еуропа арасында жаңа экологиялық таза және тиімді көлік дәліздерін құру перспективаларын ашады.

Trend агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Ашхабадта Еуропалық Одақтың халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссары Джутта Урпилайнен мен президент Сердар Бердімұхамедовтің кездесуінде айтылды.

Джутта Урпилайнен Түркіменстанның Азия мен Еуропа арасындағы сенімді көлік көпірі ретіндегі рөлін жоғары бағалап, экологиялық таза көлік дәліздерін құрудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Президент Сердар Бердімұхамедов ЕО-мен осы саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығы жайды айтты.

«Экологиялық таза, қауіпсіз, тиімді және сенімді көлік дәліздерін құру тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуды қолдау үшін қажет және халықаралық ынтымақтастық пен елдер арасындағы сауда қатынастарын нығайтуда өте маңызды», — деді ол.

Сонымен қатар, Президент Бердімұхамедов «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» дәліздері Еуразия елдері арасындағы сауда үшін сенімді көпірге айналатынына сенім білдірді.

«Біз Еуропалық Одақпен әріптестікті жоғары бағалаймыз», — деді президент.

TuraNews

Back to top button