БастыСаясатЭкономика

Түркіменстан «Каспий бестігі» елдері СІМ басшыларын қабылдауды жоспарлап отыр

Түркіменстан 2024 жылы Каспий маңы мемлекеттері (Ресей, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Түрікменстан) сыртқы істер министрлерінің кездесуін өз аумағында өткізуді ұсынып отыр.

Бұл туралы елдің сыртқы саясат департаментінің басшысы Рашид Мередов мәлімдеді, деп хабарлайды TuraNews.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мұндай кездесулерді жыл сайын елдеріміздің қалаларында кезектесіп ұйымдастыру қажеттігін тағы бір мәрте атап өтеміз. Қорытындылай келе, Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуін келесі жылы Түрікменстанда өткізуді ұсынуға рұқсат етіңіздер», — деді ол қауымдастықтың СІМ отырысында сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, биыл «Каспий бестігі» елдерінің министрлер кездесуі Мәскеуде өтті.

 

Source
TRT

TuraNews

Back to top button