БастыСаясат

Түркіменстан адам саудасымен күрес бойынша бес жылдық іс-қимыл жоспарын қабылдады

Құжат бес бөлімнен тұрады және адам саудасымен күрес бойынша мақсатты шаралар кешенін қарастырады.

Бұл туралы Turkmenportal хабарлады, деп жазды Анадолу ақпарат агенттігі. 

Бұл жоспарды үкімет отырысында елдің сыртқы істер министрі Рашид Мередов таныстырды. Құжат бес бөлімнен тұрады және адам саудасымен күрес бойынша мақсатты шаралар кешенін қарастырады. Жоспарда іс-шараларды жүзеге асыру мерзімдері, тиімділік көрсеткіштері, жауапты мемлекеттік органдар нақты белгіленді. Бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінеді.

Адам саудасына қарсы күресті күшейтудегі маңызды қадамдардың бірі 2024 жылы Ведомствоаралық комиссияның құрылуы болды, оның қатысуымен жаңа жоспар әзірленді. Құжат Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (UNODC) бірлесіп әзірленген.

Бұған дейін елде 2016-2018 және 2020-2022 жылдарға арналған осындай ұлттық жоспарлар жүзеге асырылған болатын.

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов адам саудасымен күрес халықаралық қауымдастықпен келісілген өзара іс-қимылды қажет ететін маңызды жаһандық проблемалардың бірі болып қала беретінін мәлімдеді.

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button