Әлем

Түркияның Бодрум курорттық қаласында ресейлік екі әйелдің денесі табылды

Түркияның Бодрум курорттық қаласында ресейлік екі әйелдің мәйіті табылдытабылды. Олар сол қалада тұратын анасы мен қызы болып шықты, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

CNN Türk сайтының мәліметінше, жергілікті полиция әйел мен қыз баланың денесін туристердің сүйікті орнына арналған Мугла провинциясында жол жиегінен тапты. Олардың денелерін жаймаға орап, арқанмен байлап, тастың артына жасырып кеткен.

Полицияның шамалауынша, Ресей азаматтарын белгісіз біреу өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін қала сыртына алып кеткен. Қатыгездікпен өлтірілген құрбандар – 42 жастағы Ирина Двизова мен оның 15 жасар қызы Даяна екені анықталды.

Әйел Түркияда жылжымайтын мүлік агенті болып жұмыс істеп, қызымен бірге Бодрумда тұрған. Олар туыстарымен бірнеше күн бойы хабарласпаған соң, полицейлер іздеуге кіріскен.

Өкілетті органдардың нұсқасы бойынша, екі адамды өлтірді деген күдікке әйелдің бұрынғы күйеуі ілікті, ол басқа елдің азаматы. Бүгінде оның қайда жүргені белгісіз. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол шетелге кетіп қалған.

Қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Денелер сот-медициналық процедураларды өткізу үшін мәйітханаға жеткізілді.

 

TuraNews

Back to top button