Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қыркүйекке дейін Түркияға 33 миллион 426 мың 940 шетелдік және шетелде тұратын 3 миллион 327 мың 206 азамат келген. Бұл туралы Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап хабарлайды.
8 айлық кезеңде Түркияға келген шетелдік келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,95 пайыз артты.
Осы кезеңде Түркияға ең көп турист жіберген елдер тізімінде Ресей Федерациясы өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 44,84 пайыз атты және 4 миллион 351 мың 254 адаммен артып бірінші орында.
Түркияға тамыз айында келген шетелдік турист саны өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 5,65 пайыз артып 6 миллион 660 мың 700 болды.
Тамыз айында ең көп турист жіберген елдер тізімінде Германия өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 1,52 пайыз артып 871 мың 270 адаммен бірінші, Ресей Федерациясы 5,68 пайыз және 852 мың адаммен екінші болды. 588 мың 448 адам саны бойынша Ұлыбритания үшінші орында. Одан кейін ретімен Иран мен Польша тұр.