2023 жылдың бірінші жарты жылдығында Түркияға келген крутздік лайнерлердегі жолаушылар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83,6 процентке — 692 мың адамға өскен, деп хабарлайды Turanews.kz Trend-ке сілтеме жасап.
Осы жылдың шілдесінде түрік порттарына келген круиздік кемелердің саны 2022 жылдың осы айымен салыстырғанда 28,3 пайызға өсіп, 154-ке жетті. Сонымен қатар, осы кезеңде Түркияға келген круиздік кеме жолаушыларының саны 72,6 пайызға артып, 209 033 адамға жетті.
Жылдың жеті айында түрік порттарына келген круиздік кемелердің саны 31,4 пайызға артып, 574-ке жетті.
Круиздік кемелердің ең көп санын Түркияның Кушадасы порты қабылдады. Осы жылдың жеті айында портқа 372 831 жолаушысы бар 264 кеме келді.