ӘлемБасты

Түркиядағы жойқын зілзалаға бір жыл өтті

Бір жыл бұрын Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болып, 60 мыңнан астам адамның өмірін қиды.

50 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған «Ғасыр апаты» атанған осы қайғылы оқиғаның болғанына бүгін бір жыл толды. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан 115 мыңнан астам адам зардап шегіп, миллиондаған адам баспанасыз қалды.

Бауырлас түрік елінің басынан өтіп жатқан осы қиын кезеңде, Қазақстан ТМҰ-ға мүше елдермен ынтымақтаса отырып, Түркияға қол ұшын беріп, түркі бірлігінің беріктігін көрсетті.

Әлемнің 90 елінен арнайы құтқарушы жасақтары үйінді астынан адамдардың құтқару үшін өмір мен өлім арасында күресті. Солардың арасында өзіміздің отандық құтқарушыларымыз да болды. 101 кісілік Қазақстандық құтқарушылар жергілікті тұрғындардың үрейіне үміт сылайды.

Сондай-ақ, 2023 жылдың қарашасында Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті барысында мемлекет басшылары бірнеше маңызды құжаттарға қол қойды. Солардың ішінде 6 ақпан күні «Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні» болып белгіленді.

Айта кетейік, 3 ақпан күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Хатайда жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға баспана кілтін табыс ету рәсімінде сөз сөйлеп, зілзала болған аймақта 7 мың 275 азаматқа баспана кілтін табысталғанын және тағы 75 мың жаңа үйдің lt 2 ай ішінде тапсырылатынын мәлім етті.

 

TuraNews

Back to top button