БастыЭкономика

Түркияда Қытайдан әкелінетін көліктерге салынатын баж салығы 40 пайызға өседі

Биылғы жылдың 7 шілдесінен бастап Түркияда Қытайдан әкелінетін барлық көліктерге кедендік баж салығы 40 пайызға өседі.

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның тиісті өкімі үкіметтік «Resmi Gazete» газетінде жарияланды.

Түркия билігі Қытайдан келетін дайын көліктерге қорғаныс баждарын енгізу туралы шешім қабылдады. Келесі айда қытайлық көліктерге импорттық баж салығы 40%-ға артып, ең төменгі алым бір көлік үшін 7 мың долларды құрайды.

Соңғы бірнеше жылда қытайлық автокөлік брендтері түрік автомобиль нарығында белсенді түрде танымал болды. Осы жылдың қаңтар-сәуір аралығында Түркияда аспанасты елінің 30 мыңға жуық жаңа жолаушылар және жеңіл коммерциялық көлігі сатылды. Жалпы, олардың үлесі елдің жалпы автокөлік нарығының 7,8 пайызын құрады.

10% бастапқы баж салығын қоса алғанда адамдар Қытайдан әкелінген әрбір көлік үшін орташа есеппен 50% салық төлейтін болады. Бұрын 40 пайыздық үстемақы тек электромобильдерге ғана қолданылған.

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button