Әлем
Түркияда полиция тікұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты
Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп провинциясында полиция тікұшағы апатқа ұшырады: екі ұшқыш қаза тауып, бір техник жараланды.
![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2024/02/helicopter-tr-780x470.webp)
Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлады.
Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликаяның айтуынша, Нұрдағы ауданы Картал Кою қаласында полиция Бас басқармасының әуе флотының тікұшағы апатқа ұшыраған.
— EM 708 нөмірлі тікұшақ Хатай әуежайынан Газиантеп әуежайына ұшып бара жатқан, соңғы рет экипаж жергілікті уақыт бойынша 22.49-да байланысқа шыққан, — деп хабарлады ведомство басшысы.
Оқиға орнына дереу Ұлттық медициналық құтқару қызметі (UMKE), құтқарушылар, жандармерия қызметкерлері және Түркияның Апаттармен күрес басқармасының (AFAD) топтары жіберілді. Жараланған полицей ауруханаға жатқызылды.