Ораза айттың бірінші күні айт намазын оқу үшін азаматтар мешіттерге ағылды.
Таң сәріден ұлық мерекеде ізгі ниетімен, мешітке ағылған мұсылмандар намаздан кейін кейін бір-бірін айт мейрамымен құттықтады.
Түріс астанасы Анқарада ел азаматтары таңертеңнен бастап мешіттерді толтырды. Тек түрік азаматтары ғана емес, Түркиядағы шетелдік мұсылмандар да ұлттық киімдерімен мешіттерге келіп, айт намазын бірге оқыды.
Ыстанбұлда да әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік туристермен жергілікті халық қаладағы үлкен және тарихи мешіттерде жиналып, айт намазын бірге оқыды. Намаздан кейін мешіт ауласы мен бақшасына жиналған жамағат айт мерекесін тойлады.
Түркияның басқа облыстарында Ораза айттың бірінші күні айт намазын оқу үшін азаматтар мешіттерге ағылды.
Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ауғанстан және Швеция мұсылмандары да айт намазынан кейін бір-бірімен құшақтасып, айт мерекесін құттықтады.
Ораза айт мерекесі құтты болсын!
Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілейміз. Алла Тағала сіз бен бізді келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей.