Басты
Түркияда ИГИЛ-ге қатысы бар деген күдікпен 14 адам ұсталды
Түркияның Бас прокуратурасының лаңкестікке және ұйымдасқан қылмысқа қатысты қылмыстарды тергеу жөніндегі бөлімшесі елдің бірнеше провинциясында ИГИЛ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымымен байланысты адамдарды ұстады.
Ыстанбұл мен Балыкесирде өткізілген іс-шаралар барысында ИГИЛ лаңкестік ұйымымен байланысты түрлі мешіт пен медреселерде жұмыс істеген 14 адам ұсталды (Қазақстан аумағында тыйым салынған).
Ұсталған адамдардың аталған лаңкестік ұйым белсенді жұмыс істейтін елдерге адамдарды тартумен және жөнелтумен айналысқаны айтылды.
Ұсталғандар әлеуметтік желілерде насихаттау және мұқтаж отбасыларға көмек ұйымдастыру арқылы қарапайым азаматтарды терроризммен байланысты заңсыз әрекеттерге тартқан.
Аталған қалалардың прокуратурасы 17 күдіктіні ұстау туралы қаулы шығарғаннан кейін құқық қорғау органдары 14 адамды ұстады. Қалған үш адамды ұстау жұмыстары жалғасып жатыр.