Әлем
Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Түркияның солтүстігінде 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады TuraNews.kz.
Орталық мәліметінше, зілзаланың орталығы 200 мыңға жуық халқы бар Болу қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде орналасқан. Ал ошағы 3 шақырым тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.