Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз «7-ші мерзімді Түркия-Түрікменстан үкіметаралық экономикалық комиссия жиналысы» аясында Түрікменстанға барады, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Йылмаз ертең сапары аясында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездеседі.
Түрікменстанның Тәуелсіздік ескерткішін зиярат ететін Йылмаз Түркіменстан Сауда және өнеркәсіп палатасы жәрмеңке орталығында өтетін 10-шы түрік экспорт өнімдері жәрмеңкесін ашады.
Жевдет Йылмаз Түрікменстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Батыр Атдаевпен жеке кездесуінен кейін Атдаевпен 7-ші мерзімді Түркия-Түрікменстан үкіметаралық экономикалық комиссиясы отырысына төрағалық етеді және комиссия хаттамасына қол қою рәсіміне қатысады.
Йылмаз түрік-түрікмен іскерлік форумының ашылуында сөз сөйледі. Одан кейін «Аркадаг» ақылды қаласы мен Халықаралық Ахалтеке ат спорты кешенін аралайды.