Түркия шетелдік жұмысшылар үшін жұмыс рұқсатын алу процесін жеңілдетті
Түркияның Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі жұмыс істеуге рұқсат алу процесін жеңілдету және елдегі шетелдік жұмысшылардың тіркелуін арттыру үшін Халықаралық еңбек заңнамасын қолдану туралы ережеге өзгерістер енгізді.
Ресми түрде жарияланған ереже өзгерісімен, тиісті мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың талаптары бойынша Түркияға экономикалық, әлеуметтік-мәдени және технологиялық салаларда, сондай-ақ білім беру саласында маңызды қызметтер мен үлестер көрсете алатын шетелдіктер үшін жұмыс істеуге рұқсат беруден босатудың ең ұзақ мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін өсті.
Аталмыш жұмыс визасынан босату ережесі мәдениет, өнер және спорт саласында жұмыс істейтіндер, академиктер, зерттеушілер, мұнай мен табиғи газды барлау және өндіру саласында жұмыс істейтін мамандар, теңізшілер, кәсіби спортшылар, туроператорлар өкілдері және интерндер сияқты кәсіби топтар үшін қарастырылатын болады.
Мысалы, Түркияның Жастар және спорт министрлігі немесе Түркия футбол федерациясының рұқсатымен Түркияға келетін кәсіби шетелдік спортшылар мен жаттықтырушылар, сондай-ақ спорт дәрігерлері, спорт физиотерапевттері, спорт механиктері, спорт массажистері немесе массажистер және осыған ұқсас спорт қызметкерлері де жұмыс істеуге рұқсат беруден босатылды.
Туроператорлардың өкілдері ретінде жұмыс істейтін шетелдіктердің жұмыс істеуге рұқсат беру мерзімін есептеу кезінде күнтізбелік жыл негізге алынады.
Сонымен қатар, Түркияға келетін шетелдік баспасөз өкілдеріне Байланыс министрлігінен рұқсат болған жағдайда жұмыс істеуге рұқсатсыз жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ, уақытша қорғауға ие болғандар мен гуманитарлық тұруға рұқсаты бар шетелдіктер, Ішкі істер министрлігі Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігіне хабарлаған жағдайда, жұмыс рұқсатынан босату аясында жұмыс істей алады. Ал, министрлік осы топтардың жұмыс істеуге рұқсат алуы қажет адамдар үшін жұмысқа рұқсат беру процестерін жалғастырады.
Шетелдіктер Түркияға заңды түрде кірген кезде 30 күндік шектеу алынып тасталады және олар елде заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат алуға өтініш бере алады.