БастыСпорт

Түркия құрамасы Еуропа Чемпионатын жеңіспен бастады

Ұлттық құрама сапындағы голдарды Мерт Мулдур, Арда Гүлер және Керем Актүркоғлу соқты.

2024 жылғы Еуропа футбол чемпионатының (EURO 2024) F тобындағы ашылу матчында Түркия құрамасы Грузияны 3:1 есебімен жеңді.

Ұлттық құрама сапындағы голдарды Мерт Мулдур, Арда Гүлер және Керем Актүркоғлу соқты. Матчтың бірінші жартысы 1:1 есебімен аяқталды.

Тарихта тұңғыш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне қатысып жатқан Грузия құрамасының бірінші голын Гиорги Микаутадзе соқты.

Топтағы екінші матчта Түркия құрамасы 22 маусым, сенбі күні Дортмундта Португалия құрамасымен кездеседі.

Реал Мадридтің жас жұлдызы Арда Гүлер EURO 2024-те рекорд жаңартты

Грузия ұлттық құрамасының қақпасына гол соққан Арда Гүлер Еуропа чемпионатының алғашқы матчында гол соққан ең жас ойыншының рекордын жаңартты – 19 жас 114 күн.

Бұған дейін бұл рекорд Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналдуға тиесілі еді– 19 жас 128 күн.

TuraNews

Back to top button