ӘлемБастыСаясат

Түркия президенті Грекия премьер-министрімен кездесті

Түркия мен Грекия белгілі бір күрделі қарым-қатынас кезеңінен кейін екіжақты байланыс орнатуда.

Кеше грек премьер-министрі Кириакос Мицотакис Анкараға барып, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Бұған дейін екі елдің көшбасшылары 2023 жылдың желтоқсанында Р. Т. Ердоғанның Афинаға сапарында кездескен еді. Жалпы, бір жыл ішінде бұл – олардың төртінші кездесуі.

Ердоғанның шақыруымен Анкараға келген Мицотакистің сапарында Түркия мен Грекия арасындағы түрлі салалардағы екіжақты қатынастар қарастырылды. Тараптар ынтымақтастықты дамыту үшін қабылдануы мүмкін алдағы қадамдарды талқылады. Сонымен бірге, екі тарап өзекті өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасты. Күн тәртібінде қос мемлекет қатынастарының шарттық негізін нығайтуға ықпал ететін келісімдерге қол қою мәселесі де болған.

Көшбасшылардың айтуынша, ынтымақтастық экономика, сауда, туризм, денсаулық сақтау және көлік сияқты салаларда тереңдей түседі.

Түрік шолушыларының бағалауынша, Анкарадағы екіжақты байланыстар Ердоғанның 7 желтоқсандағы Афинаға сапарының жалғасы ретінде қарастырылады. Содан кейін қол қойылған «Афина достық және тату көршілік декларациясы» да бүгін Анкарада болып жатқан келіссөздердің негізі болып саналады.

Осы құжатқа қол қойылған соң екі тарап достық қарым-қатынасты, өзара сыйластықты, бейбіт қатар өмір сүруді және өзара түсіністікті дамытуға келісті. Бұл ретте тараптар арасындағы барлық дауларды халықаралық құқыққа сәйкес бейбіт уағдаластықтар арқылы шешу айтылған.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button