Түркияда депозиттік басқару жүйесінің көмегімен жыл сайын 25 миллиардтан астам сусын бөтелкесін қайта өңдеуге жіберу қолға алынды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі
Елде депозиттік логотипі бар қаптама арнайы техника арқылы жиналып, қайта өңдеуге жіберіледі. Бұл туралы Түркияның қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрлігі мәлімдеді.
Жоба бойынша Сакарья провинциясы мен Анкарадағы Қызылджахамам ауданы пилоттық аймақ ретінде анықталды. Сонымен қатар Эрзурум, Мерсин, Газиантеп, Самсун, Измир және Коньяда депозиттік машиналарды орнату басталды.
Жүйе аясында шыны, пластик және металл ыдыстар депозиттік қаптаманы қабылдау автоматтары арқылы жиналады. Тазаланып, сұрыпталған бөтелке қайта өңдеу және өндіру процесінен өтеді. Осылайша, өңдеу тиімділігін арттыру және шикізат импортына тәуелділікті азайту жоспарланып отыр.
Бұл ең алдымен қоршаған ортаның ластануын азайтады. Табиғи ресурстарды үнемдейді және қалалардағы қоқысты жояды деп жоспарланған. Мұның ұлттық экономикаға қосатын үлесі жылына шамамен 520 миллиард еуро болмақ. Түркия қайта өңдеу арқылы қосымша экономикалық құндылық жасауды мақсат тұтқан.
Қайта өндірілген процестерде қалпына келтірілген материалдарды пайдалану энергияны үнемдеуді, көміртегі шығарындыларын азайтуды және айналмалы экономика моделін нығайтуды қамтамасыз етуі керек.



