ӘлемБастыЭкономика

Түркия Израильмен барлық сауда байланысын тоқтатты

Түркия Сауда министрлігі Израиль үкіметі «Газаға гуманитарлық көмектің үздіксіз жетуіне рұқсат бермейінше» Израильмен сауда байланысын тоқтатылғанын хабарлады.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 2 мамырдан бастап Анкара Израиль мемлекетіне барлық экспорт пен импортты тоқтатқан.

9 сәуірде Түркияның Газадағы соғысқа байланысты Израильге 54 өнім тобының экспортына шектеу туралы шешімнен кейін Сауда министрлігі бүгінгі жаңа мәлімдемесінде Израильмен барлық экспорттық және импорттық операциялардың тоқтатылғанын хабарлады.

Түркия Статистика қызметінің мәліметіне қарағанда, Түркия мен Израиль арасындағы сауда көлемі өткен жылы 6,8 миллиард доллар болса, оның 76 пайызын түрік экспорты құраған.

Еске сала кетсек, Газа секторындағы шиеленіс палестиналық Хамас тобының Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылынан кейін 7 қазаннан бері жалғасуда.

 

TuraNews

Back to top button