
Қонақтарды Самарқанд халықаралық әуежайында Олий Мажлис Сенаты мен Заң шығару палатасы, облыс әкімшілігінің өкілдері қарсы алды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Самарқандтағы киелі орындар мен тарихи ескерткіштерді аралап, Түркияның қаладағы бас консулдығына барады деп жоспарланған.



Еске сала кетейік, 22 мамыр күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстанға ресми сапармен келген Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш бастаған делегацияны қабылдады.