
Енді Түркия азаматтары Қазақстан аумағында 90 күн бойы визасыз жүре алады. Үкіметтің көші-қон туралы жарлығын өзгертуді көздейтін құжат жобасы НҚА порталында жарияланды.
Жаңа ережелерге сәйкес, Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін бола алады. Қазіргі қолданыстағы шектеу – 30 күн.
«Жобаны қабылдаудың мақсаты – Түркиямен тығыз ынтымақтастықты дамыту, Қазақстанда қолайлы инвестициялық және туристік ахуал қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық дипломатияны жандандыру», – делінген қаулы жобасында.
Сонымен қатар, жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық, құқықтық немесе ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер етпейтіні көрсетілген.