БастыҚоғамМәдениетСаясатСпортТехнологияТуризмЭкономика

Түркі мемлекеттерінің басшылары Бішкекте жиналуда

6 қарашада Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының 11 саммиті өтеді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркісменстан, Түркия және Өзбекстан президенттері, Венгрия премьері және ТМҰ Бас хатшысы қатысады деп жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5-6 қарашада өтетін Францияға мемлекеттік сапарынан кейін Бішкекке келеді. 4 қарашада кешке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бішкекке барды, ал бүгін 5 қарашада  Әзербайжан, Өзбекстан және Түрікменстан басшылары барады.

Саммит барысында Түркі кеңесінің экономика, сауда, цифрлық трансформация, көлік және қауіпсіздік сияқты салалардағы жобаларына қатысты негізгі құжаттарды бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, ел басшылары халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасады.

Кеше, 4 қарашада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған саммитке қатысу үшін Қырғызстанға жол алды, деп хабарлады ресми БАҚ.

«Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған саммитке қатысу үшін Стамбул Ататүрік әуежайынан жергілікті уақыт бойынша сағат 13:20-да ұшып кетті», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев Қырғызстан мен Түркия басшысының сапары барысында тар шеңберде кездесу болатынын айтқан. Сонымен қатар, Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Жоғарғы кеңестің алтыншы отырысын өткізу жоспарлануда.

Бұл президент Ердоғанның 2018 жылдан бері Қырғызстанға бірінші сапары болмақ.

TuraNews

Back to top button