Қоғам

«Түркі әлемі Өнер университеттері одағының» баспасөз жиыны өтті

«Түркі әлемі студенттік театр фестивалінің» алғашқы күнінде ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен құрылған «Түркі әлемі Өнер университеттері одағының» 22 мамыр күні өтетін шарасына қатысты баспасөз жиыны өтті.

Кездесуге ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Әзербайжан Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің ректоры Джейран Махмудова, Қазақстаннан Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев, Қырғыз Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің ректоры Түменбой Колдошов, Өзбекстан Мемлекеттік өнер және мәдениет институтының ректоры Эльдор Шерманов және Анкара музыка және өнер университетінің ректоры Ерхан Өзден қатысты.

Баспасөз мәслихатында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев ТҮРКСОЙ-дың театр саласындағы маңызды жұмыстары мен соңғы жылдары жас театр әртістерін және осы салада білім алып жатқан студенттерді ынталандыру мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, ТҮРКСОЙ-дың түпкі мақсаты да осы екенін айтты. «Түркі әлемі өнер университеттерінің одағының» құрылуы – жастардың көркемдік дамуына үлес қосу», — деді ол.

Одақтың құрылғанына небәрі 2 жыл болғанын және осынау аз уақытқа қарамастан өте маңызды шешімдер қабылдағанын айтқан Раев түркі әлемі мәдениеті мен өнері студенттері үшін шәкіртақы мүмкіндіктері, студент алмасу және тәжірибе алмасу сияқты мәселелерді де қарастырғанын айтты.

Қойылған сұрақтарға жауап берген Раев былтыр ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен Қарабахтың інжу-маржанына айналған Шуша қаласының түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланғанын және осы тұрғыда Шушада көптеген мәдени іс-шаралар өткізгенін атап өтті. Әзербайжанның Мәдениет министрлігі «Әзербайжанның мәдени бесігі Шуша қаласы ТҮРКСОЙ-дың астанасы болып табылады және әрқашан түркі әлемінің кездесу нүктесі болып қала береді», — деді.

Кездесуде ректорлар өз елдері мен университеттері туралы сұрақтарға жауап беріп, баспасөз өкілдеріне ақпарат берді.

 

TuraNews

Back to top button