Түркі академиясының президенті YTB басшысымен кездесті
16 қаңтарда Түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаев Түркия Республикасының Шетелдегі түріктер және бауырлас халықтар қауымдастықтағы басқармасының (YTB) басшысы Абдулла Еренмен кездесті.
Кездесуде тараптар екі жақты ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылап, түркі әлеміндегі білім және ғылым саласындағы бағдарламалар жөнінде пікір алмасты.
YTB басшысы ұйымның ТМҰ мүше мемлекеттерінің аумағындағы тәлімгерлерге Түркияда оқуға арналған шәкіртақылары мен гранттар туралы баяндап берді.
Өз кезегінде Академия басшысы Ш. Мустафаев болашақ жоспарлармен бөлісіп, ұйымның алдағы бағыт-бағдары туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында Ш. Мустафаев А. Еренге ризашылығын білдіріп, Академияның Түркия бағыты бойынша басып шығарған кітаптарды сыйға тартты.
Айта кету керек, Академия басшысы Түркі мемлекеттері Ұйымының Хатшылығының ұйымдастыруымен өтетін Үйлестіру кеңесіне қатысу үшін Түркия Республикасына ресми іссапармен барды.