Мәдениет

Түркі Академиясының президенті Түркі әлемінің 2024 жылғы мәдени астанасын жариялауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Жыл сайын Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бастамасымен берілетін Түркі әлемінің биылғы мәдени астанасы мәртебесі Түрікменстанның Анев шаһарына берілді.

Аталмыш салтанатты жиынға Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Түрікменстан Премьер-министрінің орынбасары Мәхрижамал Мәммедова, Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова және бауырлас елдерден арнайы шақырылған мәртебелі меймандар, өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Мәдени астананы жариялауға арналған іс-шара аясында Анау қаласының тарихымен және көрнекті орындарымен таныстыруға арналған бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар түбі бір түркі елдерінің өнерпаздары қатысқан концерттік бағдарлама өтті.

Айта кетейік, Мәдени астананы жыл сайын жариялау туралы шешім 2010 жылы өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының басқосуында қабылданған болатын. Өткен жылы Әзербайжан Республикасының Шуша қаласындағы жабылу салтанатында “Түркі халықтарының мәдени астанасы” символы Анау қаласына табысталған еді.

Бұл мәртебе тарихи тамырын тереңнен тартатын көне қалаларға ол желердегі ескерткіштерді қорғау және насихаттау мақсатында беріледі.

Ашылу салтанатында сөз кезегін алған Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Анау қаласында өткен ғасырлардан қалған ескерткіштердің табылуындағы археологиялық қазба жұмыстарының маңыздылығын атап, Түркіменстанның халық ақыны Мақтымқұлы Фрағидің туғанына 300 жыл толуымен құттықтады.

Мәдени іс-шара келесі күні “Көне Анау мәдениеті” атты халықаралық ғылыми конференциясына ұласты.

 

TuraNews

Back to top button