ҚоғамМәдениет

Түркі Академия басшысы Темірбек Жүргеновты ұлықтаған іс-шараға қатысты

Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай жарық көрген кітаптарының тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Айта кету керек, оқырманға жол тартқан жаңа басылымдарды әзірлеп, жарыққа шығарған Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) өткен жылды Темірбек Жүргенов жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай аталған ұйым жыл бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырды.

Осылайша жоспарланған іс-шаралар аясында жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың “Комиссар Жүргенов” атты кітабын түрік тіліне (Komiser Jürgenov) аударып жарияласа, қаламгер Алмажан Өтеғалиеваның “Темирбек Жургенов: Триумф и Трагедия” атты туындысын орыс тілінде жарыққа шығарып отыр.

ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев өз сөзінде мұндай тұғырлы тұлғаның тарихымыздағы орнын айқындап, мұрасын танып-зерделеу бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың парызы екенін айтты.

Рухани шараға Мемлекет және қоғам қайраткелері, ҚР Парламент депутаттары, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай мүшелері, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, журналистер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

 

Source
Түркі Академиясы

TuraNews

Back to top button