
Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі жазды.
Екі жақ маусым айында Қазақстанда өтетін Түрікменстанның мәдени күндері мен осы жылы қазан айында жоспарланған Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндеріне дайындық барысын талқылады.

Ашхабадта өнер көрмесі және қазақ киносының күндері өткізіліп, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.