БастыМәдениет

Түрікменстанда кілем тоқудан байқау өтті

Түрікменстан астанасында «Құпиядағы әсемдік» атты кілем тоқу байқауы өтті.

Шараға елдің барлық өңірінен келген 14 қолөнерші қатысты, деп жазады Silk Way Tv.

Үш кезеңнен тұрған сайыста қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті. Алдымен дайын өнімдерін ұсынып, кілем тоқу техникасын паш етті. Соңғы кезеңде қатысушылар ұлттық музыкалық аспап – дутармен өлеңдер мен жырлар орындады. Байқау жеңімпаздары Ахал өңірінің дарынды өкілдері атанды. Айта кетерлігі, түрікмен кілем тоқу өнері 2019 жылы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілген.

«Бұл байқауды нағыз шеберлік мерекесіне айналдыруға тырыстық және біздің қолымыздан келді деп ойлаймын. Басты мақсат – кілем тоқудың нәзік те қасиетті құпияларын жастарға үйрету. Өйткені, бұл біздің жанымыздың және тарихымыздың бір бөлігі. Жас қыздардың өз жұмыстарында кемелділікке ұмтылғанын көру – баға жетпес құндылық», – деді «Түрікменхалы» мемлекеттік қауымдастығының бас маманы Огулмарал Аманджанова.

«Біздің білікті қыздарымыз тоқыған кілемдер тойларымыз бен үйлерімізді безендіреді. Кілем тоқу әжелер мен аналардан мирас болып қалған, мен де бұл өнерді анамнан үйрендім. Қыздарыма үйреттім, болашақта немерелеріме де үйреткім келеді», – деп атап өтті қолөнерші Бахаргул Гылыджова.

 

TuraNews

Back to top button