ӘлемҚоғам

Түрікменстанда Дженгиз Айтматов ескерткіші орнатылды

Түрікменстан астанасы Ашхабадтағы Магтымгулы Фраги атындағы мәдени-саябақ кешенінде Қырғыз Республикасының халық жазушысы Шыңғыс Айтматовқа ескерткіш орнатылды.

Ескерткіш қоладан жасалған. мүсіннің биіктігі 3,5 метрге жетеді, сонымен қатар оның тұғыры 2,5 метр.

Саябақты құру идеясы Түрікменстанның экс-президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке тиесілі. Саябақтың аумағында түрікмен ақыны мен ойшылына арналған 60 метрлік ескерткіштен бөлек, шетелдік жазушылардың 25-ке жуық мүсіні бар.

Еске салайық, Түрікменстанның халық ақыны және философы Магтымгулы Фрагиге арналған алып саябақ кешенінің ашылу салтанаты 2024 жылдың 17 мамырында Президент Сердар Бердімұхамедовтың қатысуымен өткен болатын.

Source
QHA

TuraNews

Back to top button