«ШЫҰ-ның мүдделі елдеріне Ауғанстан аумағындағы энергетикалық және коммуникациялық жобаларға қатысудың шарттарын қарастыруды ұсынамыз. Әңгіме «Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан» газ құбыры мен «Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан» электр желісі мен талшықты байланыс желісін тарту туралы болып отыр», — деді Гурбангулы Бердімұхамедов.
Оның сөзінше, аталған жобалар Ауғанстанға экономикасын тезірек тіктеп, аймақтағы даму үдерістеріне кірігуіне септігін тигізеді.