Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, алғашқы 5 айда екі ел арасындағы тауар айналымы 455,5 миллион долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға өскенін көрсетеді.
Осы аралықта Түркіменстан Өзбекстанға 407,5 миллион доллардан астам тауар экспорттады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға жоғары болса, Түркіменстанның Өзбекстаннан импорты 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 30 пайызға төмендеп, 48 миллион долларға жетті.
Сондай-ақ, Өзбекстанның басқа елдермен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі ағымдағы жылдың бес айында 26,7 миллиард доллардан асты.
Айта кетейік, Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы жалпы тауар айналымы 2023 жылы 1,09 миллиард долларды құрады.