Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Тәжікстан президенті Имамали Рахманмен бас қосты, деп хабарлайды Turanews.kz.
Мирзиеев пен Рахман Түрікменстан-Өзбекстан-Тәжікстан президенттік үштік саммитіне қатысу мақсатымен Ашхабатқа барды.
Түрікменстан Халық мәслихаты төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов қонақ лидерлерді әуежайда қарсы алды.
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Аркадағ қонақүйінде Өзбекстан президенті Мирзиеев және Тәжікстан президенті Рахманмен жеке-жеке кездесті.
Түрікменстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, лидерлер екі жақты серіктестіктің жетілдірілуі, халықаралық және аймақтық деңгейде мүдделерге байланысты тақырыптарды қарады.