БастыМәдениет

Түрік университеттер одағының 6-шы Бас Ассамблеясының отырысы өтті

Қазақстанның Түркістан қаласында Түркі Мемлекеттері Ұйымы Түркі университеттер одағының  6-шы Бас Ассамблеясының отырысы өтті, деп хабарлайды TRT Net.

Университеттің 30 жылдық мерейтойы аясында өткен жиынға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Венгриядан 40-қа жуық университет өкілдері қатысты.

Бас ассамблеяда Қожа Ахмет Ясауи халықаралық қазақ-түрік университетінің  кезекті төрағалығы кезінде атқарған жұмыстары талқыланды.

Университеттің проректоры Проф. Др. Женгиз Томар «Бүгін талқыланған ең маңызды тақырып «Орхон» бағдарламасы болды. Сіздер де білесіздер, батыста «Эразмус» бағдарламасы бар, «Болон жүйесі» бар. Қазір бізде «Орхон» бағдарламасы бар, бірақ ол қазірге дейін өте жақсы жұмыс істей алмады. Себебі біріншіден қаржыландыру жоқ, екіншіден  ереже жоқ. Бірақ қазір ереже бар. Түрік Мемлекеттері Ұйымы бір ереже дайындады.  Министрлер оны бекітті. Екінші мәселе – фонд құру. Өйткені фондсыз бір нәрсенің жұмыс істеуі мүмкін емес. Сондықтан мүше мемлекеттердің министрліктері де, мүше университеттер де бұл мәселені шешіп, қаржы бөлу мәселесін шешті. Қол қойылды» деді.

Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің ректоры Алпаслан Джейлан аталған алмасу бағдарламасының түркі әлемі үшін маңыздылығын атап өтті.

«Бұл түркі әлемі үшін өте құнды жұмыс. Біздің Түркі Мемлекеттері Ұйымы күшейіп, өсіп келеді. Одан сайын толықтыру керек. Білім беру саласындағы ең маңызды фактор «Орхон» алмасу бағдарламасы болып табылады. «Орхон» алмасу бағдарламасын біз қолға алып отырмыз» деді ол.

Отырыс барысында «Орхон» алмасу бағдарламасымен қатар жаңа университеттерді мүшелікке қабылдау және студенттік кеңестің қызметі де талқыланды.

Жиналыс аясында 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы белгіленіп, кезекті төрағадық Әзербайжан Баку университетіне тапсырылды.

TuraNews

Back to top button