ҚоғамМәдениет
Trending

Түрік тәжірибесі — елорда мектептерінде: Мұғалімдерге арналған тегін курс басталды

Астанада ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналған халықаралық оқыту жобасы іске қосылды. Жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылып, оның іске қосылуына Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен Түркияның TİKA агенттігі қатысып отыр, деп жазады Astananews.kz порталы.

Жобаның негізгі мақсаты — шетелдік озық тәжірибені бейімдеу арқылы «Келешек мектеп» бағдарламасы аясында елорданың білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін дамыту. Бұл педагогтердің оқу процесіне заманауи әдістемелерді енгізуіне жағдай жасауға бағытталған.

Іс-шара ұстаздардың зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын нығайтуға арналған практикалық және әдістемелік курстардан тұрады. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе алмасу педагогикалық жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етеді.

Оқыту курстары педагогтер үшін тегін ұйымдастырылған және бюджеттен тыс қаражат есебінен өткізіледі. Сабақтар №103 жалпы орта білім беретін мектептің базасында өткізіліп жатыр.

  • STEM интеграцияланған оқыту;
  • Ойын технологиялары арқылы оқыту.

Халықаралық курсқа Астананың жалпы орта білім беру ұйымдарынан 111 педагог қатысуда. Жоба ұстаздардың практикалық шеберлігін арттырып, елорданың мектептеріндегі оқыту сапасын көтеруге бағытталған.

TuraNews

Back to top button