Түркіменстанда Тәуелсіздік күні қарсаңында жәрмеңке өтті
Ел астанасы Ашхабадтағы Сауда-өнеркәсіп палатасының орталығында өткен жәрмеңкенің ашылуына үкімет мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және көптеген кәсіпкерлер қатысты.
Алқалы сөз сөйлеген Министрлер Кеңесі төрағасының Сауда, тоқыма өнеркәсібі және кәсіпкерлік жөніндегі орынбасары Батыр Атдаев, Президент Сердар Бердімұхамедовтің қатысушыларға жолдауын оқып берді.
Бердімұхамедов өз жолдауында қатысушыларды еліміздің экономика саласындағы жетістіктерін көрсететін жәрмеңкенің ашылуымен құттықтап, Түркіменстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы тәуелсіздік жылдарында жоғары деңгейге жеткенін айтып отырып, аймақтық және жаһандық экономика саласына белсене қатысқаны жайлы айтты. Елде өндіріс, ғылым-білім, денсаулық, мәдениет және өмірге арналған ірі жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өткен Бердімұхамедов бұл тұрғыда түрікмен жерінің халықаралық ұйымдардың алаңына айналғанына тоқталды.
Түрікмен ұлттық киімдерінің түрлі үлгілерінен құралған сән көрсетілімі қатысушылардың үлкен ықыласына бөленді.