Спорт
Түрік палуаны Таха Акгүл күрестен үшінші рет әлем чемпионы атанды
Сербияда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында, түрік палуаны Таха Акгүл алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Turanews.kz, TRT Avaz басылымына сілтеме жасап.
Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатының жетінші күнінде еркін стильде 125 келі салмақта финалда Таха моңғолиялық Лхагвагерел Мунхтурмен кездесті.
Star Arena-да өткен күннің соңғы матчында қарсыласын 6-2 есебімен жеңген Таха мансабындағы үшінші рет әлем чемпионы атанды.
Олимпиада чемпионы Таха Акгүл бұған дейін 2014 және 2015 жылдары әлем чемпионы атанған болатын.
Түрік балуандары әлем чемпионатында 4 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды.