Мәдениет

Түбі бір түркі елдерінің мәдени ынтымақтастығы нығаюда

2025 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Самарқанд қаласындағы Бас консулы Талғат Шәріпов Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің базасында түркологиялық пәндер бойынша оқу кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шараға СамМУ ректоры, профессор Рустам Халмурадов, Түрік ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі (ТИКА) басшысының орынбасары Юмит Наджи Йорулмаз, сондай-ақ Орталық Азия халықтарының тілдер және мәдениет институтының директоры Жулибой Элтазаров қатысты, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Қатысушылар бұл жобаның Түркі елдері арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты нығайту, ортақ тарихи-мәдени мұраны дәріптеу және түркология саласындағы мамандардың жаңа буынын даярлау үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.

Оқу кешені заманауи жабдықтармен жабдықталған және түркі халықтарының тарихы, тілі мен мәдениеті саласында дәрістер, семинарлар мен ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған.

Сонымен қатар, іс-шара барысында 2024 жылдың қазан айында Орталық Азия халықтарының тілдер және мәдениет институтында Түркі халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосуға арналған Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығы және қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылғаны ризашылықпен атап өтілді.

 

TuraNews

Back to top button