ӘлемБастыҚоғамСаясатЭкономика

ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің отырысы ертең Ашхабадта өтеді

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Ақсақалдар кеңесінің отырысы 12 наурызда Түркіменстан астанасы Ашхабадта өтеді.

Жиынға ұйымның негізгі мүшелері Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан, сондай-ақ бақылаушы ел Венгрия жіберген ақсақалдар қатысады.

Отырыстың мақсаты – бұрынғы шешімдерді талқылау және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттыру.

Түрікменстанның ұлттық көшбасшысы әрі ақсақалы Гурбангулы Бердімұхамедовтің қабылдауында өтетін жиында ақсақалдарға Рамазан айының құрметіне ауызашар беріліп, Құран Кәрім оқылады.

Жиында ұйымға мүше елдердің сауда, экономикалық, көлік, коммуникация, әлеуметтік және мәдени салалардағы интеграциясын қамтамасыз ететін шешімдер қабылданады деп күтілуде.

ТМҰ Ақсақалдар кеңесі жылына бір рет кезекті кеңес отырысын өткізіп, ұйым басшыларына есеп береді.

TuraNews

Back to top button