
Бұл туралы Мәскеуде ұйымдастырылған экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлім болды. Оның аясында Өзбекстан бастамасы бойынша әзірленген кешенді жоспар қаралды.
Атап айтқанда, ТМД-ға мүше елдер 2030 жылға дейін өзара инвестиция тарту бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі.
— Құжатта инвестициялық ахуалды жақсарту, ТМД-ға мүше елдердің экономикасына шетелдік көздерден қаражат тарту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлары қамтылған, — делінген ұйымның ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Аталған кешенді жоспарды биыл 28 сәуірде Ташкентте өтетін ТМД Экономикалық кеңесінің отырысында бекіту жоспарланып отыр.