Қоғам
Trending

«Таза Қазақстан»: Ұлытау облысындасенбілік ұйымдастырылды

Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына өңір бойынша 120 ұжымнан 1230 адам қатысып, 40 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында 100 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылып, 75 ағаштың бұталары қырқылды. Сонымен қатар облыс аумағында 1000-ға жуық көшет отырғызылды.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің көркін жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

TuraNews

Back to top button