ӘлемЭкономика

Тәжікстанда қолма-қол ақшасыз операциялар саны 47% жетті

Тәжікстанның ұлттық банкі өткен жылы елде қолма-қол ақшасыз жасалған операциялар саны өскенін хабарлады. 2024 жылмен салыстырғанда олардың саны 47% жеткен, деп хабарлайды Ховар.

Ұлттық банк мәліметінше, елде электронды төлем құралдары — банк карталары мен электронды әмияндар арқылы жалпы саны 136 млн қолма-қол ақшасыз операция жасалып, олардың көлемі 42,4 млрд сомониді құраған. Бұл көрсеткіштер 2024 жылмен салыстырғанда операция саны бойынша 47,1%-ға, ал көлемі жағынан 39,8%-ға жоғары.

Қолма-қол ақша алу мен қолма-қолсыз төлемдердің ара қатынасы 70,6% пен 29,4% деңгейінде қалыптасқан. Сонымен қатар, қолма-қолсыз операциялардың үлесі бір жыл ішінде 3,2 пайыздық тармаққа артқан.

Тек 2025 жылдың желтоқсан айының өзінде қолма-қолсыз төлемдердің үлесі 38,9%-ға жетіп, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,4 пайыздық тармаққа өскен.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button