Визасыз режим екі ел үкіметтерінің арасындағы жалпыазаматтық шетелдік паспорт иелері үшін визаны жою жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум аясында жүзеге асырылады.
Бұл туралы Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Шохин Самади мәлім етті.
«Мемлекеттердің жалпыазаматтық паспорттары бар тұрғындары екі елдің аумағында ең алғаш 30 күнге кіріп, 90 күн бойы визасыз жүре алады»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ алғашқы кезеңде визасыз режимді «Душанбе – Тегеран» және «Тегеран – Душанбе» әуе бағытымен жүретіндер ғана пайдалана алатыны ескертілді.