«9 сәуірдегі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, азаматтық қорғау қызметінің күшімен 85 мыңға жуық адам, оның ішінде 30 мыңға жуық бала эвакуацияланды. Қазір уақытша орналастыру пункттерінде 8349 адам, оның арасында 3809 бала бар. Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқаршуы органдардың күшімен 8 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорылды. Сонымен қоса 1 мыңнан астам құм қапшық және 1 тоннадан астам инертті материалдар төселді. Авариялық құтқару жұмыстарына 16 мыңнан астам және 2500-ге жуық техника жұмылдырылды», — деді Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.