Әлем

Сомали 30 жылда алғаш рет жаңа ақша шығарады

Сомали орталық банкінің басты мақсаты – ұлттық валютаны қалпына келтіру. Ол елге қаржы-несие саясатын толық бақылауға алуға көмектеседі. Бұл туралы Орталық банк басшысы мәлімдеді, деп хабарлады Bloomberg.

Сомали 1991 жылы үкімет құлап, елде азаматтық соғыс басталғаннан кейін жаңа банкнот басып шығармаған. Бұрын айналымда болған банкноттардың көбі жоғалып немесе тым тозып кетті. Оларды бөлініп қалған өңірлерден далалық командирлер мен кәсіпкерлер басып шығарып және жеткізіп отырған АҚШ доллары мен жалған банкноттар алмастырды. 2017 жылы Халықаралық валюта қоры экономикада айналымда жүрген жергілікті валютаның 98%-ы жалған екенін анықтады.

«Сомали экономикасы кейінгі 30 жылдан аса уақыт бойы доллармен жұмыс істеді. Біз қайтадан сомалилік шиллингті енгізбейінше, елде қаржы-несие саясатын жүргізу оңай болмайды», — деді Орталық банк басшысы Абдирахман Мохамед Абдуллахи.

Ол валютаның қашан қайта басылатынын нақты айтпағанымен, оның орынбасары Али Ясин Вардхере қаңтарда банк оны келесі жылға жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.

Орталық банк 2017 жылы ХВҚ-мен бірлесіп құнды ақшаны шығару жоспарымен жұмыс істеді, оған Дүниежүзілік банк те қосылды.

Сомали Орталық банкінің басшысы кейінгі екі жылда COVID-19, қатты құрғақшылық пен ресей-украин жанжалы салдарынан соққы алған экономика 2023 жылы 3,1%-ға, келесі жылы одан да көп өседі деген болжам бар.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button