Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми Instagram парақшасында жарияланған видеода, танымал рэпер мен Михаил Шайдоров Милан қаласындағы Piazza del Duomo орталық алаңында кездескені белгілі болды деп жазады Kazinform агенттігі.
Снуп Догг қазақстандық Олимпиада чемпионын жеңісімен құттықтап, бірге фотоға түсті.
Айта кетейік, Снуп Догг NBC Universal арнасының XXV қысқы Олимпиада ойындарының арнайы комментаторы ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, рэпер Милан қаласында Олимпиада алауы эстафетасына қатысты.

Сондай-ақ, Снуп Догг басқа да жарыстарға барып АҚШ құрамасына қолдау көрсетіп, қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттап жүр.



