
Су басқан аймақты инспекциялау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен жүздесті.
Бұл аймақта 8 үй су астында қалған. Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, 2024 жылдың 7сәуірі күні мемлекет басшысының тапсырмасымен Роман Скляр СҚО-на іссапарда болды.