Әлем

Швецияда парламент ғимаратының жанында Құран өртелді

Швецияда парламент ғимаратына жақын жерде Құран кітабы өртелді. Оны ұйымдастырған – Ирак мигранттары Салван Момика мен Салван Наджем. Алауыздық тудыруға қатысты осыған ұқсас манифестация өткізгені үшін олардың үстінен қылмыстық іс бұған дейін қозғалған болатын – екеуі Құран парақтарын жаққан еді.  Бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап Turanews.kz жазады.

Парламент алдындағы алаңға 50-ге жуық адам жиналды. Олардың дені журналистер болды. Момика мен Наджем қасиетті кітапті теуіп, кейін орта тұсындағы беттерін өртеді.

ВВС мәліметінше, Дания мен Швеция үкіметтері сөз және пікір еркіндігі принциптерін бұзбай, Құран мен өзге де діни мәтіндерді көпшілік алдында жағу акцияларына қалайша тыйым салуға болатынын ойластырып жатыр. Кейінгі уақытта осындай акциялар аталған елдерге айтарлықтай проблема туындатқан еді.

Еске салайық, биылғы маусым айының соңында Швеция астанасында Құран кітабы кезекті рет өртелген болатын.

 

TuraNews

Back to top button