Шараны Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ашты. Ол өз сөзінде «Шушаға бұл құрметті атақ берілді және біз мұны ислам әлемінің Әзербайжанды алдағы уақытта да қолдайды және бұны құрмет белгісі ретінде қабылдаймыз. Әзербайжан ислам әлемін біріктіру және ислам ынтымағын нығайту үшін көп күш жұмсап жатыр. Шушасыз 28 жыл өмір сүрдік. Шуша халқы да, бүкіл әзербайжан халқы да осынау жылдарды рухани азап жылдары ретінде еске алады және ұмытпайды. Күні кеше Шуша қаласын өркендетуге тағы бір қадам жасалып, тұрғындар басы туған жеріне оралды… Бұл аспан астында енді мылтық дыбысы емес, бұдан былай тек музыканың үні естілсе екен», — деді.
Президенттен кейін ICESCO-ның бас директоры Әл-Малик мырза да сөз алды.
Шараға Әзербайжанның бірінші ханымы Мехрабан Алиева, ислам әлемі елдерінің мәдениет министрлері, дипломатиялық корпус, ТҮРКСОЙ секілді халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері (Қанат Мәмбеталиев) қатысты.
Ресми сөздерден кейін ашылу концерті өтті. Сахнаға қорытынды әнмен ТҮРКСОЙ ұйымының бірінші Бас хатшысы, Әзербайжанның Халық әртісі Полат Бұлбұл Оглы шықты.
Айта кетейік, фестиваль 11-13 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған.