Қоғам

ШҚО-да ғалымдар мен сарапшылар Қазақстанның жаңа Конституциясын талқылауда

Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Қазақстанның жаңа Конституциясы: институционалдық өзгерістер және құқықтық мемлекетті дамыту» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Ғалымдар мен сарапшылар елдегі конституциялық реформамен байланысты оң өзгерістерді талқылауда. Конференция Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотымен және ШҚО әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған.

– Іс-шараның басты мақсаты – реформаның негізгі бағыттарына жан-жақты талдау жүргізу, институционалдық өзгерістерді талқылау және олардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мен құқықтық мемлекетті дамытуға ықпалын бағалау. Конференция – ғылым мен тәжірибе өкілдері арасындағы сындарлы диалог алаңы. Бұл сарапшылар пікір алмасып, конституциялық нормаларды іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және сот жүйесінің өкілдері, нотариустар, адвокаттар, заң кеңесшілері, ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысуда.

TuraNews

Back to top button