Қоғам

Шетелде құжат рәсімдегені үшін алынатын консулдық төлем мөлшері өзгерді

«Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Сыртқы істер министрінің бұйрығына өзгерістеренгізіледі, деп хабарлайды Turanews.kz электрондық үкімет порталы egov.kz-ге сідтеме жасап.

«Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру үшін мына консулдық алым мөлшерлемелері белгіленді: 25 АҚШ доллары, 20 еуро, 20 фунт стерлинг, 25 франк, 1 420 рубль, 165 юань», — деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Сонымен қоса, енді консулдықтар некеге тұруға және ұлтын өзгеруге байланысты өтініштерді қоспағанда, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу және тиісті куәліктер беру мен қажетті материалдарды ресімдеу қызметін көрсетпейді.

«Жаңа тәртіпке сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш өтініш берушінің таңдауы бойынша ҚР аумағындағы кез келген тіркеуші органға беріледі. ҚР шегінен тыс жерлерде ҚР шетелдегі мекемесі өтініш пен құжаттарды қабылдап, оларды ҚР аумағындағы тіркеуші органға жібере алады. Бұл рәсім консулдық алымның жеке мөлшерлемесі көзделген акт жазбаларының өзгеруіне, толықтырылуына, түзетілуіне және қалпына келтірілуіне байланысты құжаттарды ресімдеу шеңберінде жүзеге асырылады», — деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Құжат 17 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

TuraNews

Back to top button